Бүгін ТМД елдері ойындарында дзюдошылар арасында жекелей сындағы жеңімпаздар белгілі болды. Қазақстандық жас спортшылар алты медаль жеңіп алды.
Ермек Амангелді (66 кг) финалда ресейлік Исмаил Мисировке есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.
Ал Шерзод Давлатов (60 кг), Данияр Шамшаев (73 кг), Айдар Арапов (90 кг), қыздар арасында Ақмарал Науатбек (52 кг) пен Мадина Парагульгова (78 кг) қола жүлдегер атанды. Бұдан бөлек, 81 килода сынға түскен Аян Байғазы бесінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы сапынан барлығы жеті дзюдошы жарыс жолына шықты.