Бүгін Рёгоку Кокугикан спорт сарайында бокстан жартылай финалға шыққан былғары қолғап шеберлері анықталып жатыр.
52 килода бақ сынап жатқан Сәкен Бибосынов испаниялық Габриэль Эскобар-Маскунаномен жұдырықтасып, 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Сәкен 1/8 кезеңде Әлем чемпионатының қола жүлдегері франциялық Билал Беннамды сенімді (5:0) жеңсе, 1/16 кезеңде пуэрто-риколық Янкьель Ривера Фигероаны (4:1) тізе бүктірген болатын.
Біздің анықтама: Сәкен Бибосынов 2019 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері.