Токиодағы XXXII жазғы Олимпиада дайындығына арналған баспасөз жиыны өтті

Токиодағы XXXII жазғы Олимпиада дайындығына арналған баспасөз жиыны өтті

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ел спортшыларының Токиодағы XXXII жазғы Олимпиада дайындығына арналған баспасөз жиыны өтті.

Баспасөз конференциясына Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас хатшысы Андрей Крюков, бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев, Олимпиада чемпионы, Токиодағы олимпия ойындарында ту ұстаушы Қамшыбек Қоңқабаев пен Ольга Рыпакова қатысты.

Токиодағы XXXII жазғы Олимпиада 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Айта кетейік, былтыр коронавирус пандемиясына байланысты төрт жылдықтың басты додасы бір жылға кейінге шегерілген еді. Бүгін Олимпиаданың басталуына тура 21 күн қалды.

«Біздің спортшылар үшін Олимпиада қарсаңындағы маңызды сәттің бірі - ел Президентінің Олимпиада құрамасының ту ұстаушысына Мемлекеттік Туды салтанатты тапсыру рәсімі. Биыл Халықаралық олимпиада комитеті гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру үшін ашылу салтанаты кезіндегі құрамалар шеруінде екі ту ұстаушы болады деп шешім қабылдады. Бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев олимпиада делегациясының мүшелерімен кездесіп, Қамшыбек Қоңқабаев пен Ольга Рыпаковағаел туын табыс етті. Қазір Қазақстан еншісінде 27 спорт түрінен 96 лицензия бар.

Пандемияға қарамастан ел Үкіметі тарапынан спортшылардың сапалы дайындалып, сәтті өнер көрсетуі үшін барлық қажетті жағдай жасалды. Сонымен қатар Ұлттық Олимпиада комитетімен, федерациялармен бірге Халықаралық Олимпиада комитеті, ұйымдастыру комитеті барлық санитария-эпидемиологиялық талабын сақтау бойынша кешенді шара қабылдады»,-деді министр.

Осыдан кейін Ольга Рыпакова Олимпиадада Қазақстан иеленген он алты алтынының үшеуін әйелдер жеңіп алғанын, бұл көрсеткіш алдағы уақытта да арта беретінін атап өтті. Сонымен қатар Олимпиаданың ашылу салтанатында еліміздің туын көтеріп шығатына қуанышыты екенін айтты. Ал Қамшыбек Қоңқабаев Токиода төрінде ашылу салтанатында туды ұстап шығуды сеніп тапсырғаны үшін еліміздің спорт қоғамына алғыс айтты.

«Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік, үлкен мәртебе. Біздің құрамадағы көптеген спортшы сияқты мен де алғаш рет Олимпиадада бақ сынайын деп  тұрмын. Біз бұл Олимпиаданы өте ұзақ күттік және оның өтетініне өте қуаныштымыз. Олимпия ойындарына тыңғылықты дайындалуға мүмкіндік жасағаны үшін Президентімізге, мемлекетемізге зор алғысымызды білдіреміз. Ендігі кезек бізде!»,-деп айтты боксшы.

Андрей Крюков Олимпиадаға дайындық жұмысы пандемия салдарынан күрделі болғанын, қауіпсіз жаттығу процесін басқаруды ұйымдастыру, мониторинг жүргізу және ұлттық құрама командаларын қажеттің бәрімен қамтамасыз етуге байланысты шаралар кешенін әзірлеу үшін жедел штаб құрылғанын, штабтың жұмысы командаларға Олимпиада алдындағы кезеңнен барынша тиімді өтуге, жаттығу процесін үзбеуге мүмкіндік бергенін жеткізді.

Сондай-ақ ол осы Олимпиадаға Қазақстан бірінші рет құзға өрмелеу мен каратэден спортшы апаратытын және араға 20 жыл салып садақ атудан командалық сында 3 спортшымыз бақ сынайтынын жеткізді.

Анықтама:

(жеңіл атлетика 11 лицензия– Георгий Шейко, Ольга Рыпакова, Айман Ратова, Мамажанова Жанна, Овчинникова Мария, Овчинникова Кристина, Дубовицкая Надежда, Эктова Ирина, Сафронова Ольга, Литвин Михаил, жүзу 3 лицензия – Баландин Дмитрий, Диана Назарова, велошоссе 4 лицензия, садақтан ату 4 лицензия – Мусаев Санжар, Ганкин Денис, Абдуллин Ильфат, синхронды жүзу 1 лицензия – Александра және Екатерина Немич, спорттық құзға шығу 1 лицензия – Ришат Хайбуллин, грек-рим күресі 3 Лицензия – Мейрамбек Айнагулов, Асхат Ділмұхамедов, Тұрсынов Нұрсұлтан, әйелдер күресі 3 лицензия – Валентина Исламова, Эльмира Сыздықова, Ахметова Татьяна, еркін күрес 5 лицензия – Нұрислам Санаев, Дәулет Ниязбеков, Данияр Қайсанов, Әлішер Ерғали, Батырмурзаев Юсуп, спорттық гимнастика 7 лицензия – Милад Карими, стенд ату 2 лицензия – Рысбекова Сәрсенгүл, Кравченко Зоя, оқ ату 2 лицензия – Юрков Юрий, қазіргі бессайыс 2 лицензия – Потапенко Елена, Ильященко Павел, каратэ WKF 5 лицензия – Дархан Асадилов, Жаңбырбай Мөлдір, Ажиканов Нұрқанат, Юлдашев Данияр, Берульцева София, бокс 9 лицензия – Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Закир Сафиуллин, Абылайхан Жүсіпов, Әбілхан Аманқұл, Бекзат Нұрдәулетов, Василий Левит, Қамшыбек Қоңқабаев, Надежда Рябец, велотрек 3 лицензия, су добы 1 лицензия, үстел теннисі 2 лицензия – Лаврова Анастасия, Герасименко Кирилл, семсерлесу 1 лицензия – Курбанов Руслан, есу слаломы 2 лицензия – Кулуков Александр, Смирнова Екатерина, байдарка мен каноэде есу 6 лицензия – Емельянов Сергей, Емельянов Тимофей, Торлопова Маргарита, Усанова Светлана, Сергеева Наталья, академиялық есу 1 лицензия – Яковлев Владислав, таеквондо 2 лицензия – Жапаров Руслан, Дениз Жансель, көркем гимнастика 1 лицензия – Әділханова Алина, ауыр атлетика-2 лицензия – Сон Игорь, Чиншанло Зульфия, теннис 7 лицензия – Бублик Александр, Юлия Путинцева, Рыбакина Елена, Шведова Ярослава, дзюдо 6 лицензия – Сметов Елдос, Серікжанов Ерлан, Смағұлов Жансай, Хамза Дидар, Бозбаев Ислам, Галбадрах Отгонцэцэг).

Олимпиада Жапония астанасындағы 42 спорт нысанында өтеді. Осы жолы бағдарламаға баскетбол (3х3), бейсбол/софтбол, каратэ-до, серфинг, құзға шығу және скейтбординг сынды жаңа спорт түрі енгізілген. Бәсекеге 205 мемлекеттен спортшы қатысып, 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығын сарапқа салады деген болжам бар.