V Спорттық Жастар ойындары: бірінші орында Алматы қаласы

V Спорттық Жастар ойындары: бірінші орында Алматы қаласы

V Жастар арасындағы спорттық ойындары өтіп жатыр. Ойындардың бағдарламасына 36 жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша жарыстар енді.

Жарысқа еліміздің 3 қаласы мен 14 облысынан спортшылар қатысуда. Бүгін 23 спорт түрі бойынша жарыстың нәтижелері шықты. Бірінші орында Алматы қаласы (702) ұпай, екінші орында Шымкент қаласы – 663, үштікті Алматы облысы түйіндейді 600 ұпай.

Жастар ойындары 10 наурызда ашылған болатын. Жарыстың ашылуына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасы Серік Сәпиев қатысты.

Бұл ойындар үстіміздегі жылдың наурыз-тамыз айлары аралығында өтеді.

Айта кетейік, аталған жарыс төрт жылда бір рет өткізіліп тұрады.

Жарыстың жабылуы – Теміртау қаласында 1 тамызға жоспарланып отыр.

Нәтижелер