Қазақстан құрамасы Финляндиядан басым түсті

Қазақстан құрамасы Финляндиядан басым түсті

Бүгін Ригада өтіп жатқан хоккейден Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы қазіргі әлемнің чемпионы Финляндияны булиттер сериясында (2:1) жеңді.

Екі команда да негізгі уақытта кім мықтыны анықтай алмады (1:1). 34-ші минутта Антон Лунделл есеп ашып, өз құрамасын алға шығарған. Алайда арада екі жарым минут өткеннен кейін Кирилл Панюков таразы басын теңестірді.  

Командалар қосымша уақытта да үздікті анықтай алмады. Булиттер сериясында Никита Михайлис мергендік танытып, ұлттық құрамаға жеңіс сыйлады.

Екі ойыннан кейін Қазақстан құрамасы 4 ұпаймен В тобының екінші орнынға жайғасса. Финляндия құрамасы 4 ұпайпен төртінші орында тұр.