«Қазақстан мақтаныштары» жобасы аясында еліміздің спорт жұлдыздарымен кездесу өтеді

«Қазақстан мақтаныштары» жобасы аясында еліміздің спорт жұлдыздарымен кездесу өтеді

12 наурыз, сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен Елбасы кітапханасының «Қазақстан мақтаныштары» атты бірлескен жобасы аясында еліміздің спорт жұлдыздарымен кездесу өтеді.

Іс-шараның мақсаты - дене шынықтыру мен спортты кеңінен насихаттау, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Жиын барысында Елбасы кітапханасы мен Мәдениет және спорт министрлігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды.

Кездесу кезінде С.Сәпиев, Ю.Мельниченко, И.Ильин, А.Юсупова, Б.Жұмаділов, Д.Нортаев, М.Мекенбаева, Г.Манюрова, Д.Петрухин сынды еліміздің танымал спортшылары кітапхана музейіне құнды заттарын табыстайды. Сонымен қатар іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, спорт және мәдениет саласының өкілдері қатысады.