Шымкентте V Жастар ойыны басталды

Шымкентте V Жастар ойыны басталды

Бүгін Шымкент қаласында V Жастар арасындағы ойындардың ашылуы өтті. Доданың ашылу рәсіміне Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев қатысты.

Ойындар наурыз айында басталып тамызға дейін созылады. Жалпы олимпиада бағдарламасына кіретін 36 жазғы спорт түрі бойынша жүлде жиындығы сарапқа салынады. Оның ішінде 6 спорт түрі бойынша (садақ ату, оқ пен стенд ату, гандбол, бадминтон, көркем гимнастика) бәсеке Шымкент қаласында өтеді.

Жарысқа еліміздің 3 қаласы мен 14 облысынан спортшылар қатысады. Айта кетейік, аталған жарыс төрт жылда бір рет өткізіледі. Ойындардың жабылу рәсімі 1 тамызда Теміртау қаласында өтеді.