Елімізде паралимпиадалық спорт дамып келеді

Елімізде паралимпиадалық спорт дамып келеді

Кейінгі жылдары елімізде мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында спортты дамытуға көп көңіл бөлініп жатыр.

Өткен жылдың соңындағы деректерге сүйенсек, елімізде 693 913 мүмкіндігі шектеулі адам бар (Қазақстан халқының 3,68%-ы). Оның 289 059-ы, яғни 41,6%-ы дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын азамат.

Жыл сайын спортты серік еткендер саны жүйелі түрде өсіп келеді. Мәселен, 2018 жылдың соңында 31 952 (11,2%) адам, 2019 жылдың соңында 32 811 (11,7%), 2020 жылдың соңында 34 114 (11,8%).

Бұл нәтиже қалалар мен облыстардағы дене шынықтыру және спорт бөлімнің мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған қоғамдық бірлестіктермен бірлесе атқарған жұмыстың және арнайы спорт үйірмелері санын арттырудың арқасында мүмкін болды.

2019 жылмен салыстырғанда дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатындар саны Жамбыл (370 адамға), Қостанай (287 адамға) және Түркістан облысында (174 адамға) артып, республика бойынша көш бастап тұр. Ал БҚО-да бұл көрсеткіш (2020 жылдың соңындағы есеп бойынша 21 адамға) төмендеп кеткен. Ал статистика Алматы және Шымкент қаласында өзгеріссіз қалды.

Жалпы өткен жылдың соңында дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын мүгедектер саны 2019 жылмен салыстырғанда 1303 адамға артты.

Бүгінде республикада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 13 спорт клубы және 3 мектеп жұмыс істейді.

Спорт клубы - Алматы, Шымкент қаласы, Жамбыл, БҚО, Маңғыстау, СҚО, Павлодар, ШҚО, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Атырау және Қызыларда облысында;

Спорт мектебі - Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды облысы, Алматы облысы және Спешл Олимпикcтің 12 филиалы (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Павлодар, СҚО, БҚО, Жамбыл, Қызылорда облысында) бар.