Токиодағы жазғы Олимпиадаға дайындық барысы қай деңгейде?

Токиодағы жазғы Олимпиадаға дайындық барысы қай деңгейде?

Коронавирус пандемиясына байланысты əлем спортшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Халықаралық Олимпиада комитеті мен Олимпиада ұйымдастырушылары төрт жылдықтың басты додасын бір жылға кейінге шегерді. Енді олимпия ойындары 2021 жылы 24 наурызда басталады.

Қазіргі уақытта халықаралық спорт федерациялары Олимпиадаға жолдама үлестірілетін лицензиялау және іріктеу жарыстарының күнтізбесін қайта жасап жатыр. Аталған федерациялар бəсекелер күнтізбесін жариялай салысымен, Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесіп, спорт түрлері бойынша ұлттық құрама спортшыларының жаттығу жоспарларына тиісті түзетулер енгізеді.

Олимпиаданың кейінге шегерілгеніне қарамастан, спортшыларымыз елдің бас санитария дәрігерінің жарлығына сәйкес жаттығулар жүргізіп жатыр.

2020 жылдың 17 тамызынан бастап Ұлттық Олимпиада комитетінің аккредиттелген спорт базасында барлық санитария-эпидемиология стандарты мен талабына сәйкес оқу-жаттығу жиындары қайта басталды.

Қазіргі уақытта Қазақстан еншісінде 17 спорт түрінен 42 лицензия бар.

Біздің анықтама:

Жеңіл атлетикадан 3 лицензия – Георгий Шейко, Ольга Рыпакова, Айман Ратова;
Велоспорттан (тас жолдағы) 4 лицензия;

Суда жүзуден 2 лицензия – Баландин Дмитрий, ашық аспан астында суда жүзуден 1 лицензия – Худяков Виталий;

Садақ ату спортынан 4 лицензия – Мұсаев Санжар, Ганкин Денис, Абдуллин Ильфат;

Құзға өрмелеу спортынан 1 лицензия – Ришат Хайбуллин;

Синхронды жүзуден 1 лицензия – Александра жəне Екатерина Немич;

Грек-рим күресінен 2 лицензия – Мейрамбек Айнағұлов, Асхат Ділмұхамедов; Əйелдер күресінен 2 лицензия – Валентина Исламова, Эльмира Сыздықова; Еркін күрестен 4 лицензия – Нұрислам Санаев, Дəулет Ниязбеков, Данияр Қайсанов, Əлішер Ерғали;

Спорттық гимнастикадан 1 лицензия – Милад Карими; Стенд атудан 1 лицензия – Рысбекова Сəрсенгүл; Нысана көздеуден 1 лицензия – Юрков Юрий;

Бессайыстан 2 лицензия – Потапенко Елена, Ильященко Павел;

WKF каратэден 1 лицензия – Дархан Асаділов;

Бокстан 9 лицензий – Сəкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Зəкір Сафиуллин, Абылайхан Жүсіпов, Əбілхан Аманқұл, Бекзат Нұрдəулетов, Василий Левит, Қамшыбек Қоңқабаев, Надежда Рябец; Велотректен 3 лицензия.