«Дефлимпикс Қазақстан» Одағының жаңа Президенті сайланды

«Дефлимпикс Қазақстан» Одағының жаңа Президенті сайланды

Бүгін «Сарыарқа» велотрегінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың төрағалығымен «Дефлимпикс Қазақстан» Одағының кезекті  конференциясы өтті.

Күн тәртібінде сурдлимпиадалық спорт түрлерінің дамуы мен ұйымның жаңа президентін тағайындау мәселесі тұрды. Министр судлимпиадашылардың жетістіктеріне тоқталып, жекелей алғанда есту қабілеті нашар спортшылардың көрсеткіштеріне тоқталды. «Министрлік мүмкіндіктері шектеулі спортшыларды барлық сатыда іріктеп, ұйымдастыру мақсатында спортшыларды Спортты дамыту дирекциясынан Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығына берілді. Бүгінгі таңда ҚР Ұлттық командалар құрамасында есту қабілеті нашар 591 спортшы бар. ҚР Тәуелсіздік жылдарында кешенді жарыстарда сурдлимпиадашы спортшылар 30 медаль  (5 алтын, 4 күміс, 21қола). Әлем Чемпионаттарында  24 медаль иеленді (3 алтын,  7 күміс, 14 қола). Бұдан әрі де сурдлимпиада қозғалысының елімізде қарқынды дамуына үміттемін»,-деді Ақтоты Рахметоллақызы.

Күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі – Сурдлимпиада Комитетінің  Президентін сайлау.   Ұйым президентінттігіне Байсеитов Бахтияр Даниярұлы ұсынылды.  Қатысушылардың көпшілік дауысымен Бақтияр Даниярұлы Байсейітов Сурдлимпиада Комитетінің Президенті болып сайланды.