Балалар мен жасөспірімдерге арналған мамандандырылған мектептерде қанша мұғалім мен бапкер бар?

Балалар мен жасөспірімдерге арналған мамандандырылған мектептерде қанша мұғалім мен бапкер бар?

Еліміздің спорт резервін қалыптастыруда балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебіне (БЖСМ) басымдық беріледі. Бұл мекемелер жоғары деңгейлі атлет даярлау жүйесінің алғашқы кезеңі. Қазір республикада 367 727 бала мен жасөспірімді қамтитын 477 БЖСМ және мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі жұмыс істейді.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша қатарында 5 366 спортшы бар 21 облыстық және бір республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі бар. Бүгінде 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда өңірлердегі жоғары спорт шеберлігі мектебіндегі адам саны 114-ке артқан. Жалпы облыстардағы 21 жоғары спорт шеберлігі мектебінде 793 жаттықтырушы мен оқытушы (2017 жылмен салыстырғанда 40 маманға артқан), республикалық бір жоғары спорт шеберлігі мектебінде 23 оқытушы мен жаттықтырушы шәкірт тәрбиелеп жатыр.
2018 жылдан бастап ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасымен дарынды балаларға арналған облыстағы мектеп-интернаттарды (РМОРМИК) республикалық мамандандырылған олимпиадалық резерв пен мектеп-интернат-колледж (РМОРМИК) үлгісінде қайта жасақтау бойынша қарқынды жұмыс жүргізіліп келеді.
Мысалы, жергілікті әкімдік шешімімен 13 облыстық мектеп-интернаттың 11-і колледж болып қайта құрылды (Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар, Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Қарағанды, Ақмола, Жамбыл облысы мен Алматы қаласында).
Қазір еліміздегі дене шынықтыру және спорт мұғалімін даярлайтын 42 жоғарғы оқу орнын жыл сайын 5 мыңнан астам маман тәмамдайды. (Мәселен, 2020 жылы 350 маман грант негізінде).
Ал жекеменшік Қазақ туризм және спорт академиясы дене шынықтыру мұғалімдерімен қатар жаттықтырушы және оқытушы даярлаумен айналысады.
Сонымен қатар ел аумағындағы 24 колледжд, 5 республикалық мамандандырылған мектеп-интернат, олимпиадалық резерв колледжді жыл сайын 3,5 мың дене шынықтыру мұғалімі мен спорт бойынша жаттықтырушы-мұғалім тәмамдайды.