Спорт саласындағы нормативті-құқықтық жұмыс

Спорт саласындағы нормативті-құқықтық жұмыс

Министрлік қызметінде нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге маңызды орын берілген. Осы жұмыс шеңберінде 18 нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қамтамасыз етілді. 2020 жылы 1 Заң, 1 өкім, 5 қаулы, 11 бұйрық әзірленді.

Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарын орындау мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысы жоспарына сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру мен спортты дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді.

Заң жобасының негізгі бағыттары - жергілікті атқарушы органдардың құзыретін кеңейту, спорттық инфрақұрылымның қол жетімділігі, сондай-ақ білім беру саласындағы кейбір жаңалықтар.

Заң жобасы салауатты өмір салтын таратуға ықпал етеді және дене шынықтыру мен спортты қоғам өміріне енгізу мен шоғырландыруды, дене шынықтыру және спорт арқылы халықтың салауатты өмір салтына деген ұмтылысын қалыптастыруды көздейді.

Заң жобасы шеңберінде «қазақ күресі», «тоғызұмалақ», «асық ату» бойынша білім берудің барлық деңгейлерінде дене шынықтыру сабақтарына ұлттық спорт түрлерінің міндетті компонентін енгізу жоспарланып отыр.

Заң жобасына 2020 жылдың 30 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған.