Допингке қарсы қызмет: 2020 жылдың қорытындылары

Допингке қарсы қызмет: 2020 жылдың қорытындылары

Елімізде допингке қарсы іс-қимыл бойынша «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» РМҚК, «Ұлттық допингке қарсы орталық» РМҚК бар.

Есепті кезеңде 3000 талдау жинақталды. Допингке қарсы ережелерді бұзушылықтардың саны 20 (жеңіл атлетика-6, ауыр атлетика-2, волейбол-3, ескек есу және каноэде есу-2, велоспорт-2, күрес-1, гимнастика-1, пауэрлифтинг-1, пара-пауэрлифтинг- 2).

2020 жылы Covid2019 пандемиясының салдарынан спортшылар мен жаттықтырушыларға допингке қарсы білім беру бағытына басты назар аударылды. Допингке қарсы бағдарламаның негізгі сұрақтары бойынша әділ ойын (допингке қарсы ережелерді бұзудың түрлері, допингті қолданғаны үшін қолданылатын жауапкершілік, спорттық тамақтану мен тағамдық қоспаларды бақылаусыз қолдану қаупі туралы, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып (онлайн режимінде де, «сайтта» да)) дәрістер мен семинарлар өткізілді. Өткізілген білім беру іс-шараларының жалпы саны 173 құрады, оның ішінде 57 дәріс, 62 семинар, оған 5799 адам қатысты. Әр курста 40 минуттан тұратын, 2 тілде 3 курстан тұратын онлайн-білім беру бағдарламасы бар. Курс аяқталғаннан кейін сертификат 1 жылға беріледі, ол халықаралық деңгейде де жарамды. Бүгінгі таңда ақпараттардың барлығы Ұлттық допингке қарсы орталық ұйымның kaznadc.kz сайтында орналастырылған.

Сондай-ақ Жапонияның допингке қарсы агенттігімен өзара түсіністік туралы меморандум жасалды. 4 допингті бақылау жөніндегі офицер ХОК-тан Токио-2021 Олимпиа және Паралимпиа ойындарының халықаралық допингтік офицерлері ретінде аккредитация алды.

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің аккредитациясын Алматы қаласындағы допингке қарсы зертханаға қайтару бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. DAkkS неміс аккредиттеу органының ескертулерін жою үшін зертхана зәр сынамасына зертханааралық 10 «соқыр» салыстыру зерттеулерін өткізді, бұл сынамалар Крайштағы (Германия) допингке қарсы зертханадан алынды. Бұл үлгілерде 54 допингтік заттар мен олардың метаболиттерінің болуы анықталды және расталды, 200-ден астам талдау жүргізілді. Неміс зертханасының мәліметтері бойынша сынамаларда 4 заттан басқа бірдей допингтік заттар мен метаболиттер болған. Қазақстандық зертханада қосымша екі бета-блокатор табылды, неміс зертханасында екі пептид табылды (бұл әдіс біздің елде дамуда).

Жалпы 2020 жылы 12 173 талдау жүргізілді, соның ішінде CSCQ және неміс зертханасынан алынған сынамалар.