Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесі ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековті «Дене шынықтыру және спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Кеңес Төрайымы Валентина Матвиенконың атынан марапатты ҚР Парламенті Сенаты аппаратының жеткішісі Әлия Рақышева тапсырды.
Біздің анықтама: Аталған Кеңес Парламентаралық Ассамблея қызметін ұйымдастырады. 2011 жылдың 9 қарашасында Кеңес төрайымы қызметіне Валентина Матвиенко тағайындалған.