
ХХ жазғы Азия ойындарында әйелдер күресінен Қазақстан командасының қоржыны қола жүлдемен толықты.
Отандасымыз Нилуфар Раимова -57 кг салмақта медаль үшін белдесуде Нетми Ахинса Фернандо Порутотагеден (Шри-Ланка) мықты екенін дәлелдеді.
Осыған дейін 53 кг дейінгі салмақта қола жүлдеге таласқан Шұғыла Өмірбек қытайлық қарсыласы Жин Жанға есе жіберіп, жарысты 5-орында аяқтады.