АУЫР АТЛЕТИКА: АЛЕКСЕЙ ЧУРКИН ӘЛЕМ РЕКОРДЫН ЖАҢАРТЫП, АЗИАДАНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

АУЫР АТЛЕТИКА: АЛЕКСЕЙ ЧУРКИН ӘЛЕМ РЕКОРДЫН ЖАҢАРТЫП, АЗИАДАНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Жапонияның Аичи префектурасында ХХ жазғы Азия ойындары аясында ауыр атлетикадан 85 келіде жүлде сарапқа салынды.

Ерлер арасында 85 келі салмақта сынға түскен отандасымыз алғашқы жұлқа көтеру жаттығуында-ақ 173 келіні бағындырып, жаңа әлем рекордын орнатты.

Серпе көтеруде отандасымыз 205 келіні көтеріп, қоссайыста 378 келімен екінші орынға тұрақтады.

🥇🇰🇵Кванг Риол Ро (Солтүстік Корея) - 379 келі (165+214)
🥈🇰🇿Алексей Чуркин - 378 келі (173+205)
🥉🇨🇳Шуннан Чен (Қытай) - 374 келі (163+211)

Айта кетейік, бұл ауыр атлетикадан ел қоржынына түскен екінші жүлде. Кешегі жарыс күнінде 77 келідегі Аянат Жұмағали күміс жүлдеге ие болған еді.

📸 Сали САБИРОВ