Дене шынықтыру және спорт саласы бойынша Кеңес отырысы өтті

Дене шынықтыру және спорт саласы бойынша Кеңес отырысы өтті

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаевтың төрағалық етуімен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге қатысушылардың Дене шынықтыру және спорт жөніндегі Кеңесі өтті.

Серік Маратұлы аталған Кеңеске мүше мемлекеттердің 2019-2020 жылға жасаған іс-шаралар Жоспарының іске асуы, сонымен қатар, ұлттық спорт түрлерін дамыту туралы бағдарламаның жүзеге асу барысы туралы айтып берді.

Кеңес барысында ТМД мүшелерінің дене шынықтыру мен спортқа жауапты органдарының өкілдері осы жылда жасалған іс шараларға шолу жасап, өз мемлекеттерінде спорт саласында іске асқан жұмыстарды қорытындылады.

Естеріңізге салайық, дене шынықтыру және спорт жөніндегі Кеңес жыл сайын ТМД мемлекеттерінде өтіп тұрады.

Өткен жылы іс шараны өткізу құқығы Қазақстанға беріліп, Щучинск қаласында өткен болатын. Аталған кездесуде 2019-2020 жылдарға Кеңес төрағасы ретінде Серік Сәпиев сайланған еді.

Осы жылы Кеңес ТМД ойындары аясында Татарстан астанасында өтуі керек болатын. Алайда, коронавирус пандемиясының кесірінен барлық жоспарланған іс шара онлайн форматқа көшті. Кеңес төрағалығы Ресей Федерациясына өтті.