«Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» атты семинар өтті

«Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» атты семинар өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Асқар Есімовтің төрағалығымен «Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында республикалық семинар өтті.

Жиынға комитетке қарасты ұйым басшылары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің өкілі, «Адалдық алаңы» республикалық жобалау кеңсесінің басшысы, Мәдениет және спорт министрлігі бойынша «Адалдық алаңы» жобалау кеңсесінің жетекшісі қатысты.

Басқосуда сөз алған Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков елдің әрбір азаматы бұл мәселеге бей-жай қарамау керектігін атап өтті.

«Жемқорлық бұл індет. Онымен күресуіміз керек. Елімізде оның ішінде спортта сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ. Қоғамның мемлекетке деген сенімінен айыратын індетпен бірге күресейік!»,-ақ деді вице-министр.

Айта кетейік, Министрлік жанынан мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты ұйымдастыратын, онымен күресуге бағытталған "Адалдық алаңы" құрылған. Аталған алаңда тұрақты түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиналыстар өтіп тұрады.