Қазақстан құрамасынан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 150-ден астам спортшы қатысады

Қазақстан құрамасынан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 150-ден астам спортшы қатысады

Елордада Туризм жəне спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық мəселелеріне арналған кеңес өтті. Қазіргі уақытта Қазақстан ұлттық құрамасының құрамы толық жасақталды. Құрамаға 155 спортшы, 49 жаттықтырушы жəне жарысқа қатысуды қамтамасыз ететін өзге де мамандар енді. Делегацияның барлық мүшесі бірыңғай спорттық киіммен қамтамасыз етілді. Команданы даярлау жұмыстары Ұлттық жəне ат спорты түрлері орталығының үйлестіруімен өңірлік спорт басқармалары жəне ұлттық спорт федерацияларымен бірлесіп жүргізілуде.

Қазіргі таңда спортшылар оқу-жаттығу жұмыстарының соңғы кезеңінен өтіп жатыр. Көкпар жарыстарын өткізуге қатысты дайындыққа да ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, аттарды тасымалдау, орналастыру, күтіп-бағу жəне ветеринариялық сүйемелдеу мəселелері пысықталды.

Жиын соңында Туризм жəне спорт министрі Ербол Мырзабосынов ұлттық құрама мүшелеріне сəттілік тілеп, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын абыроймен қорғауға шақырды. Министр спортшылардың жоғары спорттық нəтиже көрсетіп, медальдық есепте үздіктер қатарынан көрінуіне, сондай-ақ жанкүйерлерге жарқын əрі тартысты бəсеке сыйлайтынына сенім білдірді. VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2026 жылғы 29 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасында өтеді.

Жарыс бағдарламасына спорттың 43 түрі енгізіліп, 69 медаль жиынтығы сарапқа салынады.