Елордаға Ресей Федерациясының Спорт министрі Михаил Владимирович Дегтярёв келді

Елордаға Ресей Федерациясының Спорт министрі Михаил Владимирович Дегтярёв келді

«Болашақ ойындары – 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық турниріне қатысу үшін Астанаға Ресей Федерациясының Спорт министрі Михаил Владимирович Дегтярёв келді.

Мәртебелі мейманды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев қарсы алды.

Қазақ халқының қонақжайлық дәстүріне сай құрметті қонаққа ұлттық салт-дәстүрімізбен құрмет көрсетіліп, ойын бағдарламасы таныстырылды.

«Болашақ ойындары – 2026» – цифрлық технологиялар мен дәстүрлі спортты тоғыстырған, фиджитал әлемінің ең жарқын халықаралық алаңдарының бірі. Турнир инновацияны, спортты және жастарды біріктіріп, Қазақстанның әлемдік спорт кеңістігіндегі беделін нығайтуға ықпал етеді.

Қазақстан мен Ресей арасындағы спорт саласындағы ынтымақтастық жыл сайын нығайып келеді. Екі ел халықаралық жарыстарды ұйымдастыруда, спортшыларды даярлауда және жаңа спорт бағыттарын дамытуда өзара тәжірибе алмасып келеді. «Болашақ ойындары – 2026» турнирі осы әріптестікті жаңа деңгейге көтеріп, фиджитал спортты дамытудағы бірлескен бастамаларды кеңейтуге мүмкіндік береді.