Серік Жарасбаев «Еліміздегі бұқаралық спортты дамыту мәселелері мен жарқын келешегі» тақырыбында баяндама жасады

Серік Жарасбаев «Еліміздегі бұқаралық спортты дамыту мәселелері мен жарқын келешегі» тақырыбында баяндама жасады

Бүгін мәдениет және спорт мәселесі жөніндегі қоғамдық кеңестің онлайн форматтағы отырысында Мəдениет жəне спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаев «Еліміздегі бұқаралық спортты дамыту мәселелері мен перспективалары» тақырыбында баяндама жасады.

Серік Жарасбаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты 1 қыркүйектегі Жолдауында Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығына тоқталғанын айтып, бұл мақсатта атқарып жатқан бірқатар стратегиялық жұмыспен таныстырды.

«Бүгінде, республика тұрғындарының 30,6%-ы дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысады. Пандемия біздің азаматтарымыздың өмір сүру салтына да өз әсерін тигізді. Адамдар өзі мен жанындағылардың денсаулығын қалай сақтауға болатынын түсіне бастады. Қазіргі жергілікті деңгейде 579 балалар мен жасөспірімдер клубы, 107 балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі даярлығының клубы жұмыс істейді. Онда 180 мың адам спортпен шұғылданады. Республикамызда тұрғылықты жері бойынша 2950 спорт нұсқаушы бар, оның 1048-і ауылды жерде еңбек етеді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының өткен жылы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында «Дене шынықтыру және спортты дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді.

Заң жобасының негізгі бағыттары - жергілікті атқарушы органдардың құзыретін кеңейтуді, спорт нысандарына қол жетімділікті, білім беру саласындағы кейбір жаңа нормаларды қамтиды. Заң жобасы салауатты өмір салтын қалыптастыруға деген талпынысты насихаттауға бағытталған Қазақстан Республикасындағы 8 заңнамалық актіге түзету енгізу көздейді. Қазіргі Заң жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауында тұр»,-деді.

Осыдан кейін жалпыұлттық жоспар шеңберінде дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілгенін атап өтті.

«Кешенді жоспарға сәйкес білім беру мекемелерінде қосымша спорт секцияларын ашу, мектеп оқушылары мен студенттердің спорт лигасын құру, мектептерді спорт құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Биылдан бастап кезең-кезеңімен іске асып жатыр. Президент биылғы Жолдауында да осы жайтты тағы қозғаған еді. Бұл міндеттерді орындау үшін Жолдауды іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары шеңберінде Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 74-ші және 75-ші тармақтарды іске асырып жатыр.

74-тармақ қаражат тапшы кезде кәсіби спорт клубтарды мемлекет есебінен қаржыландаруды доғару жайлы сын болатын. Жалпы қазір республика бойынша 97 кәсіби спорт клубы жұмыс істейді. Мысалы, спорт саласын дамыту үшін 2019 – 2020 жылдары 17 аумақтың жергілікті бюджетінен жалпы 252,6 млрд. теңге бөлінген десек, осы қаражаттың қомақты бөлігі айтарлықтай нәтиже болмаса да футбол және хоккей клубтарына жұмсалған.

Бұл ретте Министрлік барлық республикалық ойын түрлері федерациясымен кеңес өткізді. Кеңес барысында жоғарыда аталған клубтар қаржысын қайта бөлудің бірыңғай жолдары талқыланды. Федерациялар тарапынан клубтарда бюджеттің 50%-ға дейінгі мөлшерін құрайтын спортшылардың жалақыларын реттеу бойынша ұсыныс келіп түсті. Аталған мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органдардың дене шықтыру және спорт, қаржы, экономика басқармалары басшыларының тыңдауы өтті. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып келеді.

75-тармақ аясында балалардың спорт пен шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасау мақсатында, барлық өңірде қосымша спорт секцияларын ашу бойынша жұмыстар атқарылуда. Бұл тармақты орындау бойынша Жол картасы бекітілді. Осы Жол картасының шеңберінде «Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу, еңбек ұжымдарында спорт секциялары желісін кеңейту, балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесі даярлығы клубтарының жұмысын жандандыру жөнінде нақты шаралар көзделген.

Сондай-ақ спортпен шұғылданғысы келетін азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылдан бері еліміздің елді мекендерінде 100 дене-шынықтыру-сауықтыру кешеннің құрылысы жүріп жатыр. Бұған қоса, 2019-2021 жылдары «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде 39 дене-шынықтыру-сауықтыру кешені салынады.

2019 жылы жоспарланған 13 спорт кешеннің құрылысы жергілікті бюджет қаражаты есебінен, демеушілік қаражат тарту арқылы толық аяқталып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар 2019 жылы бекітілген тізбеден бөлек еліміздің өңірлерінде жергілікті бюджет есебінен, мемлекеттік-жеке әріптестік шеңберінде 21 спорт кешені салынды.

Биыл 32 спорт кешеннің құрылысын салу жоспарлануда. Оның ішінде «Ауыл ел бесігі» бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылатындары да бар. Бүгінгі күні жоспарланған 32 спорт кешенінің 4-еуі пайдалануға берілді. 20 жобаны іске асыру жалғасып жатыр.

Алдағы уақытта тұрғындарды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға кеңінен тарту мақсатында мынадай іс шаралар қарастырылады:
1) кәсіпқой спорт клубтарына кететін қаржыны тұрғындарды, бірінші кезекте балаларды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту үшін қайта бағыттау;
2) мемлекеттік білім ұйымдарындағы спорт мұғалімдерініңәл-ауқатын жақсарту. Қазір Министрлікте бұқаралық спортты дамыту жөніндегі заң жобасы шеңберінде сабақтан тыс спорт жаттығуларын жүргізгені үшін мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы педагогтардың базалық лауазымдық айлығына 100% қосымша ақы енгізу, спорт бойынша нұсқаушылармен қамтамасыз ету және спорт клубтары желісін кеңейту мәселелерін пысықтаудамыз. Заң жобасы қазіргі уақытта ҚР Мәжіліс Парламентінде.
3) барлық өңірде, ірі аудан орталықтарында спорт секцияларын ашу. Бұл тапсырма Президенттің 2019 жылы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарында қарастырылған.
4) тұрғындардың мұқтажын қанағаттандыру үшін дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысын, соның ішінде елдің ең зәру елді мекендерінде қарапайым спорт ғимараттарын салуды одан әрі жалғастыру қажет.
Министрліктің осы шараларды қабылдауы елімізде бұқаралық спортты дамытуға және ұлт саулығын нығайтуға серпін береді. Атап айтқанда, ересектерді дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту 2025 жылы кемінде 45% болады. Қосымша спорт секциялары ашылады. Әсіресе, ауылды жерде спорт жөніндегі нұсқаушылар саны артады. Балалар мен жасөспірімдердің клубтары және балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесі даярлығы клубтарының желісі көбейеді. Халық спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі»-деді.