
Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев «ArtLine Kazakhstan» жарыс командасының негізін қалаушы әрі жетекшісі және «Texol Group» Директорлар кеңесінің төрағасы Шота Абхазавамен, «TexolTrans» ЖШС-нің Астанадағы өкілдігінің басшысы Бақтыбек Бибаевпен және «Texol Group» компаниясының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңесшісі Дәулет Шантаевпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар Қазақстанның Атырау облысында халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге, заманауи спорттық инфрақұрылымды дамытуға және Орталық Азиядағы автоспорттың жаңа орталығын қалыптастыруға бағытталған халықаралық автожарыс кешенін салу жобасын жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Шота Абхаза таныстырған жоба тұжырымдамасында FIA-ның 1-ші санаттағы (Grade 1) стандарттарына сай келетін автодромды салуды, сондай-ақ халықаралық жарыстарды, концерттерді, көрмелерді және басқа да ауқымды іс-шараларды өткізуге мүмкіндік беретін көпфункционалды кешенді құруды көздейді.
Жобаның экономикалық әсеріне ерекше назар аударылды. Ұсынылғанболжауға сәйкес, халықаралық автожарыс кезеңін өткізу жыл сайын 80 000-нан 150 000-ға дейін туристі тартуға, 300–700 миллион доллар көлемінде экономикалық тиімді әсер қалыптастыруға және жылына 20–60 миллион доллар салық түсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жобаның өзін-өзі ақтау мерзімі 5–10 жыл деп бағалануда.
Тараптар жобаның беделді мен маңыздылығын атап өттіп, оны жүзеге асыру Қазақстанның халықаралық аренадағы тартымдылығын айтарлықтай арттыратыны жеткізді.
Көлік желісі, қонақүй кешендері, туристік нысандар, инженерлік коммуникациялар және аумақты абаттандыру сияқты қосалқы инфрақұрылымды дамыту мәселелері де қарастырылды. Жоба авторларының пікірінше, мұндай жобаларды жүзеге асыру инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, іскерлік белсенділікті арттыруға және оқиғалық туризмді дамытуға ықпал етеді.
Сонымен қатар, жиынға қатысушылар жобаны кезең-кезеңімен іске асыру мүмкіндігін талқылады. Ұсынылған жол картасына сәйкес, бұл үдеріс тиісті үкіметтік шешімдерді қабылдауды, ұйымдастырушылық модельді құруды, нысанды жобалау мен салуды, сондай-ақ алғашқы жарыстарға дайындық жұмыстарын жүргізуді қамтиды.
Сонымен бірге, Ш. Абхазава бұл жобаға қатысты Атырау облысы әкімдігінің белсенді ұстанымы мен қолдауын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасындағы автоспортты, туризм және заманауи спорт инфрақұрылымын дамыту бойынша одан әрі ынтымақтастық пен диалогты жалғастыруға мүдделілік танытты.