Перуде ауыр атлетикадан онлайн Əлем Кубогы аяқталды

Перуде ауыр атлетикадан онлайн Əлем Кубогы аяқталды

11-18 қараша аралығында Перу астанасы Лимада ауыр атлетикадан жастар арасында алғаш рет онлайн Əлем Кубогы өтті.

Бұл бəсекеде Қазақстан құрамасы сəтті өнер көрсетіп, жалпы командалық есепте 2-орын алды. Қазақ зілтеміршілерінің еншісінде 3 алтын, 2 қола жүлде бар.

Жалпы онлайн бəсекеге əлемнің 61 елінен 399 спортшы қатысты.
Қазақстан құрамасы сайысқа 7 атлет қосты.

Қыздар арасында:

Гүлнұр Ыбырай (64 килограмға дейін) - 3-орын;

Айсамал Сансызбаева (81 килограмнан жоғары) - алтын жəне қыздар арасында Əлем Кубогының үздік атлеті;

Ерлер арасында:

Абылай Əуелханов (55 килограмға дейін) - алтын;

Азамат Төлеген (61 килограмға дейін) - 4-орын;

Мейрамбек Əбдіхалық (73 килограмға дейін) - 5-орын;

Рахат Бекболат (102 килограмға дейін) - алтын;

Жанəлі Тұяқов (102 килограмнан жоғары) - 3-орын.