Астана қаласында эстетикалық топтық гимнастикадан Әлем кубогы мен Азия чемпионаты өтті

Астана қаласында эстетикалық топтық гимнастикадан Әлем кубогы мен Азия чемпионаты өтті

2026 жылдың 13–14 маусым аралығында Астана қаласында эстетикалық топтық гимнастикадан Әлем кубогы мен Азия чемпионаты өтті. 

Бұл жарыстар аталған спорт түріндегі ең беделді халықаралық сайыстардың бірі болып саналады.

Азия чемпионаты – екі жылда бір рет өткізілетін беделді құрлықтық біріншілік. Турнирдің тарихында алғаш рет Қазақстанда ұйымдастырылуы еліміздегі эстетикалық топтық гимнастиканың жоғары деңгейде дамып келе жатқанын және қазақстандық мектептің халықаралық беделінің артып отырғанын көрсетеді.

Жарысты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Халықаралық эстетикалық топтық гимнастика федерациясы (IFAGG), Астана қаласының әкімдігі және Қазақстанның эстетикалық топтық гимнастика федерациясы ұйымдастырды.

Жарыс Ұлттық теннис орталығының «BEELINE ARENA» аренасында өтті.

Турнирге Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Малайзия, Ресей, Сингапур, АҚШ, Финляндия, Эстония және Жапониядан келген 38 үздік команда қатысты.

Жарыс аясында «сеньорлар» және «жасөспірімдер» жас санаттары бойынша 6 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

Әлем кубогының нәтижелері

Сеньорлар санаты: 

1-орын – EXPRESSIA командасы (Ресей) 

2-орын – MINETIT командасы (Финляндия) 

3-орын – MADONNA командасы (Ресей)

Жасөспірімдер санаты: 

1-орын – MADONNA JUNIOR командасы (Ресей) 

2-орын – MINETIT JUNIOR командасы (Финляндия) 

3-орын – NEBESA командасы (Ресей)

 

Азия чемпионатының нәтижелері

Ұзақ бағдарлама

Сеньорлар санаты: 

1-орын – ALAN командасы (Қазақстан) 

2-орын – LIEL командасы (Қазақстан) 

3-орын – ELEGANCE NATIONAL TEAM командасы (Қырғызстан)

 

Жасөспірімдер санаты: 

1-орын – SAMRUK командасы (Қазақстан) 

2-орын – KERBEZ командасы (Қазақстан)

3-орын – TEAM JAPAN JUNIOR командасы (Жапония)

 

Микс бағдарламасы

Сеньорлар санаты: 

1-орын – AMUAZH MIX командасы (Ресей) 

2-орын – LIBERTAD командасы (Қазақстан)

 

Жасөспірімдер санаты: 

1-орын – MALAYSIA JUNIOR MIXED TEAM командасы (Малайзия) 

2-орын – KERBEZ MIX командасы (Қазақстан) 

3-орын – AERIA командасы (Қазақстан)