Қазақстандық жеңіл атлет Елизавета Матвеева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық жеңіл атлет Елизавета Матвеева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қытайдың Чунцин қаласында жеңіл атлетикадан секіру дисциплиналары бойынша алғашқы Азия чемпионатында Париж Олимпиадасының қатысушысы Елизавета Матвеева үздік үштікке енді.

Құрлықтық додада ел намысын 5 спортшы қорғап жатыр.

Жарыстың бірінші күнгі нәтижесі:

🥇🇺🇿 Барнохон Сайфуллаева - 183 см
🥈🇨🇳 Лю Цзявень - 180 см
🥉🇰🇿 Елизавета Матвеева - 180 см
🥉🇭🇰 Чуй Ван Я - 180 см

Сондай-ақ дәл осы сында тағы отандасымыз Надежда Дубовицкая да өнер көрсетіп, тоғызыншы орыннан көрінді. Ал ұзындыққа секіруден Анастасия Рыпакова 13-сатыға тұрақтады.

19 мамыр күні, бәсекенің соңғы күнінде Қазақстан атынан тағы екі спортшы финалда бақ сынайды. Олар, Мария Ефремова (үш қарғып секіруден), ал Полина Иванова сырықпен секіруден сынға түседі.

Жалпы Азия чемпионатына 19 елден 108 атлет қатысуда.