Ауыр атлетикадан Жетісу облысы жалпы есепте үздік атанды

Ауыр атлетикадан Жетісу облысы жалпы есепте үздік атанды

Ауыр атлетикадан 12-18 мамыр аралығында Талдықорғанда өткен Қазақстан чемпионаты ресми түрде мәресіне жетті.

Жарыстың соңғы күнінде аса ауыр салмақта ерлер жүлдені сарапқа салып, Бағдат Маматкул айқын басымдықпен топ жарды.

+110 келі

🥇Бағдат Маматқұл (Шымкент қ) - 371 келі (156+208)
🥈Сағынбек Самарқан (Жетісу обл) - 357 келі
🥉Максим Варивода (Жетісу обл) - 338 келі (155+183)

«Менің салмағымдағы көшбасшылар бүгінгі жарысқа қатыспады. Сондықтан жеке-дара үздік атандым. Шынымды айтсам, мен 2019 жылдан кейін ғана Талдықорған қаласында екінші мәрте өнер көрсетіп жатырмын. Көрсеткішіме көңілім толмайды. Әлі қос жаттығуда да кемі 10 келіден қосуым керек», - деді Бағдат Маматқұл.

Әйелдер
1-орын. Жетісу обл
2-орын. Қарағанды обл.
3-орын. Алматы қ.

Ерлер
1-орын. Жетісу обл
2-орын. Қарағанды обл.
3-орын. ШҚО