Спорттық құзға өрмелеуден ҚРЧ: боулдерингте алматылықтар топ жарды

Спорттық құзға өрмелеуден ҚРЧ: боулдерингте алматылықтар топ жарды

Бұл күндері Алматы қаласында спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр.

Бүгін боулдеринг бағдарламасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.
Бұл сында додаға әр аймақтан 64 қатысушы (36 ер, 28 әйел спортшы) тіркелді.
Чемпионатта спортшылар жоғары шеберлік пен дайындықтарын көрсетіп, тартысты бәсеке өрбіді.

Қорытындысы төмендегідей:

Командалық нәтиже
🥇Алматы қ. - 268 ұпай
🥈Астана - 221 ұпай
🥉Шымкент - 177 ұпай

Ерлер
🥇Матвей Есипов (Алматы қ.)
🥈Глеб Семьёшкин (Алматы обл)
🥉Алексей Панфилов (Шымкент

Әйелдер
🥇Зарина Агылманова (Астана)
🥈Виктория Адаменко (Алматы қ.)
🥉Вера Ким (Астана)

Айта кетейік, ел біріншілігі 17 мамырға дейін жалғасады.