Марат Байқамұров - Qazaqstan Barysy Grand Slam-ның чемпионы

Марат Байқамұров - Qazaqstan Barysy Grand Slam-ның чемпионы

Дзюдодан Астанадағы Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қоржынымызға екінші алтын жүлде түсті.

100 келідегі Марат Байқамұров финалдық белдесуде Молдова өкілі Вадим Жимбовчиды шидо ұпайымен жеңді.

Отандасымыздың жарыстағы жолы:

✅1/16 финал. Михейли Бекаури (Қырғызстан)
✅1/8 финал. Мичал Жедрежевски (Польша)
✅1/4 финал. Симеон Казарина (Нидерланд)
✅1/2 финал. Майкл Коррел (Нидерланд)

Айта кетейік, отандасымыз өткен жылы осы турнирдің қола жүлдесіне иелік еткен.