Стенд атудан Әлем Кубогының кезеңі: аралас командалық жарыстардың финалистері анықталды

Стенд атудан Әлем Кубогының кезеңі: аралас командалық жарыстардың финалистері анықталды

Алматыда стенд атудан Әлем Кубогы кезеңінде "трап" бағдарламасы бойынша аралас командалық жарыстарда іріктеу аяқталды.

Турнирде әр елдің атынан екі команда қатысты. Іріктеу қорытындысы бойынша финалдық кезеңге қатысқан 31 команданың төрт мықты жұбы жолдама алды.

Өкінішке қарай, қазақстандық дуэт Әлішер Айсалбаев / Мария Горун және Виктор Хасянов / Лейла Шантекова жарыстың финалдық блогына шыға алмады.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Әлем Кубогының үйдегі кезеңін "скит" бағдарламасы Әсем Орынбай жеңіп алған бір алтын медальмен аяқтады.