Аңсарбек Ғайнуллин алғаш рет Grand Slam турнирінің жүлдесін жеңіп алды

Аңсарбек Ғайнуллин алғаш рет Grand Slam турнирінің жүлдесін жеңіп алды

Дзюдодан Астанадағы Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің екінші күнінде жүлде түсті.

73 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Ансарбек Ғайнуллин шешуші белдесуінде Влад Митруден (Молдова) басым түсіп, өз мансабындағы алғашқы Grand Slam қола жүлдесін жеңіп алды.

Жарыстың бірінші күнінде Қазақстан қоржынына қос жүлде түскен болатын. 60 келіге дейінгі салмақта Талғат Орынбасар күміс жүлдегер атанса, Шерзод Давлатов қола медаль иеленді.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатқан әлемдік дода 10 мамырға дейін жалғасады.