
Алматы облысында өтіп жатқан стенд атудан Әлем кубогы кезеңінде ерлер мен әйелдер арасындағы «трап» дисциплинасы бойынша іріктеу кезеңінің алғашқы күні аяқталды.
Бүгін әр спортшы 75 нысанаға оқ атты. Ертең олар қалған 50 нысананы көздеуі тиіс. Осыдан кейін аталған дисциплина бойынша финалистер анықталады.
Қазақстан құрамасы сапында «трап» бойынша мына спортшылар өнер көрсетуде:
Виктор Хасянов, Әлішер Айсалбаев, Максим Бедарев, Марк Почивалов, Никита Моисеев, Мария Горун, Лейла Шантекова, Наргиза Шарманова, Элеонора Ибрагимова.