
Алматы облысында ересектер арасындағы стенд атудан Әлем кубогының «скит» дисциплинасы бойынша алғашқы іріктеу күні өтті.
Іріктеу қорытындысы бойынша финалдық кезеңге өткен спортшылар ертең анықталады. Әйелдер арасындағы финал сағат 15:30-да, ерлер арасындағы финал 17:00-де басталады.
Жарысқа 43 елден шамамен 300 спортшы қатысып жатыр. Қазақстан құрамасы бұл сында 19 спортшыны қосты:
Ольга Хайлова, Анастасия Молчанова, Александр Мухамедиев, Әсем Орынбай, Илья Пеньков, Зоя Пискун, Давид Почивалов, Адель Садақбаева, Артем Седельников, Ратмир Еникеев, Әлішер Айсалбаев, Максим Бедарев, Мария Горун, Элеонора Ибрагимова, Марк Почивалов, Никита Моисеев, Анастасия Прилепина, Наргиза Сарманова, Лейла Шантекова.
Команданың бас бапкері - Сергей Колос.
Айта кетейік, бұл турнирде 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасының рейтингтік ұпайлары сарапқа салынады.