Үстел теннисінен ерлер құрамасы командалық әлем чемпионатында ең үздік көрсеткішін тіркеді

Үстел теннисінен ерлер құрамасы командалық әлем чемпионатында ең үздік көрсеткішін тіркеді

Үстел теннисінен 28 сәуір - 10 мамыр күндері аралығында 64 мемлекеттің қатысуымен Лондонда өтіп жатқан командалық әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы 1/8 финалға өтті.

Отандастарымыз 1/8 финалда Испанияны 3:1 есебімен жеңді. Қазақстан сапынан Алан Құрманғалиев, Кирилл Герасименко қарсыластарынан басым түсті. Енді олар 6 мамыр күні Париж Олимпиадасының жартылай финалисі Жапониямен күш сынасады.

Топтық кезеңдегі көрсеткішіміз:

✅🇰🇿Қазақстан🆚🇹🇷Түркия 3:1
✅🇰🇿Қазақстан🆚🇪🇬Египет 3:2
✅🇰🇿Қазақстан🆚🇹🇭Таиланд 3:1

Қазақстан атынан сынға түсіп жатқандар:

🇰🇿Кирилл Герасименко - 8 жеңіс
🇰🇿Алан Құрманғалиев - 3 жеңіс, 2 жеңіліс
🇰🇿Айдос Кенжеғұлов - 1 жеңіс, 1 жеңіліс
🇰🇿Искендер Харки - 1 жеңіліс
🇰🇿Санжар Жұбанов - 1 жеңіліс

Бұған дейінгі көрсеткіштеріміз:

🆕2024 жыл - алғаш рет плей-оффқа шығып, 1/16 финалда Үндістанға 2:3 есебімен жол берді.
🆕2022 жыл — Топтық кезеңде 4-орынмен аяқтады. Әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасынан 3:0 есебімен басым түсіп, бірінші рет жеңіске қол жеткізді.
2018 жыл — 2 дивизион
2016 жыл — 3 дивизион
2014 жыл — 3 дивизион
2012 жыл — 4 дивизион