
30 сәуір мен 1 мамыр аралығында Францияның Гуссенвиль қаласында эстетикалық топтық гимнастикадан AFCGE CUP II халықаралық турнирі өтті.
Жарысқа әлемнің 22 елінен 122 команда қатысты. Қазақстан Республикасының атынан Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 13 команда өнер көрсетті.
Турнир қорытындысы бойынша:
🔹 Елордалық Samruk командасы юниорлар арасында қола жүлдеге ие болды;
🔹 Алматы қаласының Libertad, Kerbez Mix және Dream Team аралас командалары өз санаттарында жеңімпаз атанды.
Қазіргі уақытта эстетикалық топтық гимнастикадан ұлттық құрама командалар ағымдағы жылдың маусым айында Астанада өтетін Азия чемпионатына дайындықтарын жалғастыруда.