Муай-тайдан жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының үздіктері анықталды

Муай-тайдан жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының үздіктері анықталды

Астана қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында муай-тайдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті.

Төрт күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте көш бастағандар:

1-орын - Алматы облысы
2-орын - Алматы қаласы
3-орын - Солтүстік Қазақстан облысы

Додаға еліміздің 16 өңірінен 425 спортшы қатысты.

Айта кетейік, байрақты бәсекенің жеңімпаздары маусым айында Куала-Лумпурда өтетін мектеп оқушылары арасындағы әлем чемпионатында, сондай-ақ қыркүйекте Приштинада (Косово) өтетін жастар арасындағы әлем біріншілігінде ел намысын қорғауға мүмкіндік алды.