Азия жағажай ойындары: Ришат пен Рашид Хайбуллиндер қолаға қол жеткізді

Азия жағажай ойындары: Ришат пен Рашид Хайбуллиндер қолаға қол жеткізді

Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан VI Азия жағажай ойындарында қазақстандық спортшылар Ришат пен Рашид Хайбуллиндер спорттық құзға өрмелеуден эстафета сайысында қола жүлдегер атанды.

Қазақстандық дуэт эстафетада 11,9 секунд нәтиже көрсетіп, ел қоржынына сегізінші медальді салды. Қазіргі таңда құраманың еншісінде бір алтын, бір күміс және алты қола жүлде бар.

Айта кетейік, бұл кешенді жарыстар күзде Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына дайындықтың кезеңі саналады.