Ришат Хайбуллин - Азия жағажай ойындарының қола жүлдегері

Ришат Хайбуллин - Азия жағажай ойындарының қола жүлдегері

Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан VI Азия жағажай ойындарында қазақстандық Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеудің жылдамдық дисциплинасында 4,81 секунд нәтижемен қола жүлдеге ие болды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында алты медаль бар. Яғни, бір алтын, бір күміс және төрт қола.

Айта кетейік, бұл кешенді жарыстар күзде Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына дайындық кезеңі саналады.