
Бүгін Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында бокстан биылғы жылдың алғашқы әлем кубогы мәресіне жетті.
Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды Виктория Графеева салды. Ол -60 кг салмақтың финалында жарыс қожайыны Рэбекка Сантоспен жұдырықтасып, 4-1 есебімен басым түсті.
Осыдан кейін шаршы алаңға шыққан Аида Әбікееваның қарсыласы Навбахор Хамидова (Өзбекстан) болды. Отандасымыз 5 раундқа созылған жекпе-жекте қарсыласына есе жіберді.
Ерлер арасында -85 кг салмақта ел намысын қорғайтын Сұлтанбек Айбарұлы жергілікті боксшы Кауи Белиниді ұтып, алтыннан алқа тақты. Бұл - оның World Boxing әлем кубогындағы 2-алтыны.
Аса ауыр салмақта (+81 кг) тіркелген 2 боксшы - Валерия Аксенова мен София Сира (Мажарстан) арасындағы айқаста отандасымыз айқын басымдықпен басым түсті (есеп: 5-0).
Осылайша, Қазақстан турнирді 3 алтын, 1 күміс, 3 қола жүлдемен аяқтады. Жартылай финалдан соң Алуа Балқыбекова (-51 кг), Жібек Жарасқызы (-80 кг), Диас Молжігітов (-80 кг) 3-орынға тұрақтады.
Фос-ду-Игуасу қаласына 47 мемлекеттен 350-ге жуық былғары қолғап шебері жиналды. Келесі әлем кубогын Қытай, сосын Өзбекстан қабылдайды.