Бокс: Бразилиядағы әлем кубогында 6 отандасымыз жартылай финалға, біреуі финалға шықты

Бокс: Бразилиядағы әлем кубогында 6 отандасымыз жартылай финалға, біреуі финалға шықты

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан бокстан әлем кубогында жартылай финалға шыққан спортшылар анықталды.

Қазір Ұлттық құраманың 7 өкілі жүлдегерлер қатарына кіреді. Әйелдер арасында Алуа Балқыбекова (-51 кг), Виктория Графеева (-60 кг) мен Аида Әбікеева (-65 кг) ширек финалда қарсыласын ұтты. Ал жеребе нәтижесінде Жібек Жарасқызы (-80 кг) жартылай финалда, аса ауыр салмақтағы Валерия Аксенова финалда жұдырықтасатыны белгілі болған.

Ерлер арасында Диас Молжігітов (-80 кг) пен Сұлтанбек Айбарұлы (-80 кг) жарыс жолынан шыққан жоқ.

Айта кетейік, әлем кубогы 26 сәуірде аяқталады. Осыдан кейінгі кезеңдерді Қытай мен Өзбекстан қабылдайды.