
Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан VI Азия жағажай ойындарында су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы финалдағы ойынын өткізді.
Бас жүлде үшін тартысты матчта қазақ ватерполшылары Қытай командасымен кездесіп, 1-3 есебімен жол берді. Осыған дейін біздің команда Гонконг және Таиланд командасын айқын басымдықпен жеңген.
Осылайша, Қазақстан қоржынындағы медаль саны бесеуге жетті.
Алтын: Нұржан Батырбеков (джиу-джитсу);
Күміс: Су добынан әйелдер құрамасы;
Қола: Батыр Теңізбай, Әлинұр Қуатұлы және Сейілхан Болатбек (джиу-джитсу).
Айта кетейік, бұл кешенді жарыс биыл күзде Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына дайындықтың кезеңі саналады.