
Қытайдың Хэфэй қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден Лос-Анджелес Олимпиадасына рейтингтік Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына 4 медаль түсті.
Байдаркамен 1000 метрге жарыста Ұлттық құрама спортшысы Стелла Суханова алтыннан алқа тақты. Ол финалда тәжірибелі жарыс қожайыны Цюй Нин (күміс) және Милана Душев-Яничті (Өзбекстан) басып озды.
Ал байдаркада 500 метрге аралас жұптық сында (микст) Артём Терещенко мен Ольга Шмелёва күміс жүлдеге ие болды.
Жүлдегерлер:
1. Қытай командасы 1:36.64 секунд
2. Қазақстан командасы 1:36.79 секунд
3. Өзбекстан құрамасы 1:38.13 секунд
Сондай-ақ каноэде әлем чемпионатының қола жүлдегері Мария Бровкова 500 метрге жарыста 3-ші болып мәреге жетті. Бас жүлде Қытай, күміс Вьетнам өкілінің еншісінде.
Каноэмен 1000 метрге жарыста Тимофей Емельянов пен Владислав Руденко жұбы үздік үштікті түйіндеді.
Қазақстан командасы жарыстың алғашқы күнінде 1 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлдеге қол жеткізді.
Биылдан бастап спорттың бұл түрінен құрлық чемпионаттары жаңа жүйеге, яғни Лос-Анджелес Олимпиадасына рейтингтік ұпай сарапқа салынатын форматқа көшті.