
Жағажай волейболынан Қазақстан-2 командасының өкілі Екатерина Рюхова мен Кристина Кәрімова Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан Азия жағажай ойындарында кезекті жеңісіне қол жеткізді.
Біздің жұп Макао елінің өкілі Никола Лам мен Ин У Ианды айқын басымдықпен жеңді. Матч екі сет қорытындысы бойынша 2-0 (21:14, 21:10) есебімен аяқталды.
Айта кетейік, кеше Рюхова мен Кәрімова турнирдегі алғашқы кездесуінде Моңғолия құрамасынан басым түскен.
Ал еліміздің намысын қорғайтын тағы бір жұп Лаура Қабылбекова мен Надежда Иванченко бұл жолы Макао спортшыларына есе жіберді. Олар Иенг О Леонг пен Вэн Сам Лоу жұбынан 0-2 (9:21, 14:21) есебімен жеңіліп қалды.
Фото: Никита БАСОВ