
Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан Азия жағажай ойындарында жағажай волейболынан топтық кезең жалғасып жатыр.
Дмитрий Яковлев пен Абдулмажид Мохаммад Малайзия елінің жұбы Мұхаммад Исма Хазик Бин Исмаил мен Ен Джен Танды 2-0 (21:12, 21:13) есебімен сенімді түрде жеңді.
Сондай-ақ Сергей Богату мен Кирилл Гурин де жеңіске жетті. Олар Бангладеш құрамасын (Хоросит Бисвас пен Шихаб Ахмед) екі партияда қапы қалдырды. Матч қорытындысы: 2-0 (21:15, 21:14).
Қазіргі таңда Қазақстан жұптары турнирде бірде-бір рет жеңілген жоқ: Богату мен Гурин үш матчта жеңіске жетсе, Яковлев пен Мохаммад екі ойынның екеуінде де басым түсті.
Фото: Никита БАСОВ