
Бүгін Қытайдың Хэфэй қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Биылдан бастап спорттың бұл түрінен құрлық чемпионаттары жаңа жүйеге, яғни Лос-Анджелес Олимпиадасына рейтингтік ұпай сарапқа салынатын форматқа көшті. Осы жарыста Ұлттық құраманың 23 спортшы жүлдемен қатар, маңызды ұпайларға таласады.
Хэфэйдегі жарысқа барлығы 22 мемлекеттен 400-ге жуық ескек есу шебері келді. Айта кетейік, алдағы күндері байдарка мен каноэден 26 медаль жиынтығы сарапқа салынады.