Батыр Теңізбай - VI Азия жағажай ойындарының қола жүлдегері

Батыр Теңізбай - VI Азия жағажай ойындарының қола жүлдегері

Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан Азия жағажай ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті.

Джиу-джитсудан Ұлттық құрама спортшысы Батыр Теңізбай -62 кг салмақта 3-орын алды. Қола жүлдеге таласта 2 отандасымыз - Батыр мен Мансұр Хабибулла күш сынасты. Жекпе-жекте алғашқысы басым түсті.

Айта кетейік, бүгін тағы Жібек Құлымбетова (-52 кг) және Ажар Салықова (-63 кг) қолаға таласады.