
Қытайдың Санья қаласында VI Азия жағажай ойындары өтіп жатыр.
Бүгін жағажай волейболынан ерлер командалары арасындағы алғашқы ойын болды. Топтық кезеңде Қазақстан-1 жұбы (Сергей Богату мен Кирилл Гурин) Лаосты 2 сетте жеңді. Ал Қазақстан-2 жұбы (Дмитрий Яковлев пен Абдулмаджид Мұхаммад) Корея спортшыларынан басым түсті (2-0).