Қытайдың Санья қаласында VI Азия жағажай ойындары өтіп жатыр.
Бүгін жағажай волейболынан әйелдер командалары топтық кезеңді бастады. Қазақстан-1 командасы (Лаура Қабылбекова мен Надежда Иванченко) Өзбекстан жұбын жеңді. Есеп: 2-0.
Қазақстан-2 командасы Астана уақытымен сағат 10:00-де Моңғолиямен ойнайды. Сонымен қатар ерлер арасында Қазақстан-1 жұбы бүгін 2-турда Шри-Ланкамен шеберлік байқасады. Матч Астана уақытымен сағат 12:00-ге жоспарланған.