Таеквондошыларымыз Испаниядағы халықаралық турнирде 4 медаль жеңіп алды

Таеквондошыларымыз Испаниядағы халықаралық турнирде 4 медаль жеңіп алды

18–19 сәуір күндері Испанияның Аликанте қаласында таеквондодан (WT) «Spain Open» халықаралық жарысы өтті.

Дода қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль иеленді.

🥇 Бейбарыс Қаблан (+87 кг)
🥈 Дамир Шүленов (74 кг)
🥈 Әзім Ниязов (63 кг)
🥉 Назым Махмұтова (73 кг)

Аталған бәсекеге 66 елден 550 спортшы қатысты.