Дзюдодан АЧ: Қазақстан қоржыны тағы бір қола жүлдемен толықты

Дзюдодан АЧ: Қазақстан қоржыны тағы бір қола жүлдемен толықты

Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатының үшінші жарыс күнінде Қазақстан тағы қола жүлде жеңіп алды.

Қазақстандық дзюдошы Аруна Жангельдина (-78 кг) қола медаль үшін өткен белдесуде тайбэйлік Чье-Хси Ванды голден скорда жықты.

Қазіргі таңда Ұлттық құраманың еншісінде бір алтын және төрт қола медаль бар.

Келесі болып 100 кг дейінгі салмақта Нұрлыхан Шархан үшінші орын үшін сынға түседі.