
Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатының үшінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының қоржыны қола медальмен толықты.
Жұбаныш кезеңі арқылы үшінші орын үшін таласқа түскен Айдар Арапов (-90 кг) Ханчжоуда өткен Азия ойындарының чемпионы Эрлан Шеровты (Қырғызстан) жеңді.
Қазіргі уақытта Ұлттық құраманың еншісінде құрлық біріншілігінде бір алтын және үш қола медаль бар. Қазақстан жалпыкомандалық есепте 4-орында келеді.
Санаулы сәттерден кейін қола жүлде үшін Аруна Жангельдина сынға түседі.